Қызылордада жыл соңына дейін 74 тұрғын үй пайдалануға беріледі – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада жыл соңына дейін 74 тұрғын үй пайдалануға беріледі

24.11.2020, 11:00

332 0

Kyzylorda-news.kz. Өңірде жыл соңына дейін 969 пәтерді құрайтын 74 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жергелікті бюджет есебінен Жаңақорған кентінде 18 пәтерлі бір үйді сатып алу жоспарлануда.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар жүргізу үшін 4,8 млрд.теңге бөлінді. Бұл қаржыға облыс бойынша 19 жоба жүзеге асырылуда. Яғни, жыл соңына дейін 13 жобаның құрылысы толық аяқталып, жаңа жер учаскелеріне 145,8 шақырым инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылым желілері жүргізілетін болады,- деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін 698 пәтерді құрайтын 15 тұрғын үй халық игілігі үшін жалға беріледі.

0

Пікір қалдыру