Kyzylorda-news.kz. Биыл Қазалы қаласындағы «Өрімтал» балабақшасы типтік жобада салынған жаңа ғимаратқа көшеді.

Қазіргі таңда 140 орындық балабақшаның құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бас мердігер «СМП – Қызылорда» ЖШС ғимараттың қабырға кірпішін қалау жұмыстарын толық аяқтап, төбе шатырын жабуда. Сонымен қатар, ішкі сылақ жұмыстарын жүргізуде.

Балабақша ғимараты қазан айының соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

«Биыл ауданда 4 нысан халық игілігіне пайдалануға беріліп, қазіргі таңда 17 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аудандағы құрылыс саласында айтарлықтай өсім бар. Дәлірек айтқанда, осы жылы құрылыс жұмыстарның көлемі – 2,5 млрд. теңгені құрап, 11,3 пайызға артты. Нәтижесінде 17 нысанның құрылыс жұмыстары басталды. Оның 7-і өткен жылдан өтпелі болса, 10 нысан жаңадан бой көтереді», деді аудан әкімі Мұхтар Оразбаев.

Айта кетейік, бүгінде Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы қарқынды дамып келеді. Өнеркәсіп өнімінің көлемі – 106,9 пайызға, ал өңдеу өнеркәсібі – 107,6 пайызға артты. Сондай-ақ, ауданда шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны – 5299 бірлікті құрап, оның 95,6 пайызы тұрақты жұмыс істеуде.

Тағы да оқыңыз: