Kyzylorda-news.kz. Бірнеше ай бұрын қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің (Imanbek) Saint JHN орындайтын “Roses” әніне жасаған ремиксі “Грэмми” сыйлығына үміткер атанған болатын. “Roses (Imanbek Remix)” трегі “Best Remixed Recording” номинациясы бойынша музыкант “Грэмми” премиясын жеңіп алды. Иманбек – “Грэмми” алған алғашқы қазақстандық.

Иманбектің номинациясында сынға түсіп жатқандар тізімі мынадай болған еді:
Best Remixed Recording
“Do You Ever (RAC Mix),” RAC (Phil Good)
“Imaginary Friends (Morgan Page Remix),” Deadmau5 (Morgan Page)
“Praying for You (Louie Vega Main Remix),” Jasper Street Co. (Louie Vega)
“Roses (Imanbek Remix),” Saint JHN (Imanbek Zeikenov)
“Young & Alive (Bazzi vs. Haywire Remix),” Bazzi (Haywyre).

Өзге номинацияларда Beyonce, The Weeknd, Coldplay, Lady Gaga, Dua Lipa, Billie Eilish және тағы басқалары бар.

Иманбек Зейкенов – Павлодар облысындағы Ақсу қаласында тұратын 20 жастағы музыкант. Осыған дейін теміржол саласында жұмыс істеген. Ремикс жасауды, музыканы YouTube-тегі видеолардан үйренген. 

Иманбек шара барысында қолдау білдірген барша жандарға, соның ішінде ата-анасына шексіз алғысын білдірді.

2019 жылы Иманбек рэпер Saint Jhn -ның Roses деген әнін байқап, оны билеуге ықшамдап ремикс жасаған. Ремикс өте жылдам қарқынмен танымал бола бастады. Дүниежүзіндегі біршама чарттарда болды. Ремикс YouTube-те 145 миллионнан аса қаралым жинаған.

Тағы да оқыңыз: