Kyzylorda-news.kz. “Мұз айдыны” спорт кешенінде эстетикалық топтық гимнастикадан Қызылорда облысының ашық чемпионаты өтті.
Жарысқа Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 2002-2014 жылы туылған 100-дей гимнастшы “ZOOM” бағдарламасы бойынша онлайн жүйеде бақ сынасты.
Нәтижесінде Сыр гимнастшылары төрт жас ерекшелігі бойынша табысты өнер көрсетіп, алтын медальдарды жеңіп алды.
6-8 жас аралығында команда құрамында өнер көрсеткен гимнастшылар: Меруерт Балғабай, Томирис Жетес, Сымбат Бихожа, Інжу Абдулла, Ақнұр Маратқызы, Тиара Қадырбаева, Айым Мұхамедрасулла.8-10 жас аралығында: Айару Мұхтарқызы, Найля Нұғман, Ақтілек Серікбекқызы, Еркеназ Маратқызы, Інжу Асылбек, Ақерке Елеусінова.10-12 жас аралығында: Ақерке Шілдебаева, Аружан Насрединова, Әсел Машран, Зерде Салават, Кәусар Сейілбекқызы, Мерей Әбдікәрім, Медина Ибрагим, Сезім Қылышбекова.14-16 жас аралығында: Дана Садықова, Ақбота Өтеген, Раушан Аспандиярова, Әсел Марат, Надира Сыражадин, Динара Ерғалиева, Аянат Ерланқызы.
#1ОРМБЖМ– де тәлім алатын гимнастшыларды жарысқа көркем гимнастикадан облыстың аға жаттықтырушысы Гүлмира Абсұлтан, жаттықтырушы Айсұлу Мадиева және хореограф Гүлзат Расул дайындады.