Kyzylorda-news.kz. Құрметті жерлестер, өздеріңізге белгілі биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Елімізде, тіпті халықаралық деңгейде хәкім Абайдың мерейтойын лайықты атап өту үшін ауқымды шаралар ұйымдастырылды.

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы Қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді», – деген өнегелі сөзі ақын мұрасының мәңгілік өсиет ретінде бағаланатынын айқын аңғартады.

Міне, 10 тамыз дербес «Абай күні» ретінде еліміздегі мерекелік күндердің тізбесіне енуі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз бен оның асқақ мұрасын дәріптеу, ұрпақ жадына мәңгі ұялату мақсатында Үкімет тарапынан қолға алынып отырған ізгілікті шараның бірі деп есептеймін. Тарихта өшпес із қалдырған ғұлама, ойшыл, ұлы ағартушы Абай Құнанбайұлына деген құрмет ұрпақтан-ұрпаққа толастамасын деп тілейміз.

Ләйлә ТӨРЕШОВА,

«Nur Otan»партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Тағы да оқыңыз: