Қызылорда: Жеңімпаздар ел чемпионатына қатысады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылорда: Жеңімпаздар ел чемпионатына қатысады

25.01.2021, 16:20

1129 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақ күресінен өткен облыс біріншілігінде Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданының балуандары жеңіске жетті.

№1 Қызылорда облысының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде қазақ күресінен 2006-2007 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында облыс біріншілігі мәресіне жетті.

Жарыс карантин талаптарын сақтай отырып, көрермендерсіз өткізілді. Балуандар бәсекесінде Шиелі ауданы мен Қызылорда қаласының спортшылары жақсы қырыннан таныла білді.Атап айтсақ, шиеліліктер Диас Маратұлы (38 келі), Марғұлан Қасымбек (42 келі), Қуаныш Қазнабек (55 келі), Ерасыл Халилаев (65 келі), қызылордалықтар Нұржан Тумырзаев (46 келі), Шейхрахман Бауыржанұлы (50 келі), Ардақ Мұңайтбас (70 келі), Сержан Қанатұлы (75 келі) жеңіс тұғырына көтерілді.

Сонымен қатар Түгіскен елді мекенінен Мирас Жұмақожа (60 келі) мен қазалылық Нұрдаулет Әмет (+75 келі) облыс чемпионы атанды.

Республикада эпидемиологиялық ахуал қалыпты болған жағдайда спортшылар ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысады.

0

Пікір қалдыру