Kyzylorda-news.kz. «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Жалағаш ауданы, Аққыр ауылынан шығысқа қарай шамамен 9 шақырым жерде «Қызыл шұқыр» деп аталатын жер учаскесіндегі қалың шеңгел арасынан ірі есірткі алқабы анықталды.

Қызылорда облысының тұрғыны заңмен тыйым салынған сора өсімдігін ірі мөлшерде егіп, күтіп баптап өсірген.

Оқиға орнына жедел тергеу тобымен қарап-тексеру жүргізу барысында жалпы саны 1149 түп сора өсімдіктері анықталып, олардан үлгі ретінде 16 дана сора өсімдіктері алынды. Ал қалған 1133 түп оқиға орнында өртеу жолымен жойылды.

Одан бөлек оқиға басынан ұсталған күдіктіге жеке тінту жүргізу барысында одан газет қиындысына оралған есірткі заты алынды.

Күдікті Жалағаш аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300 – бабы 2 – бөлігінің 3 – тармағымен (ірі мөлшерде құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: