Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысынан жыл басынан бері 13,9 млн долларды құрайтын 38,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталып, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 116,7 пайызға артты.

Экспортталған өнім түрлерінің қатарында балық, күріш, бидай қалдығы, қамыс бар.
Облыста өндірілетін өнімдер Ресей, Қырғызстан, Беларусия, Әзірбайжан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Украина, Түркмения, Өзбекстан, Грузия, Қытай, Польша, Германия, Литва және Ирак мемлекеттеріне жөнелтілуде.

Сондай-ақ, биылғы жылы алғаш рет Германия мемлекетіне 122,1 тонна қамыс экспортталды. Біздің өнім үйлердің шатырымен тоқыма себетін (плетеночная корзина) жасауға пайдаланылуда.

Тағы да оқыңыз: