kyzylorda-news Сыр елінде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған «Қанатты қалам-2025» мерекелік салтанатты шарасы өтіп, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев журналистерді төл мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.
Аймақ басшысы ақпарат ағынынан қалмай, өз көрермендері мен оқырмандарына адал қызмет етіп, мамандығын қадір тұтқан журналистердің қоғамда алар орнына тоқталды.