Жалағаш ауданы былтыр кәсіпкерлік саласын табысты қорытындылады. Аудан бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3001 бірлікті, оның ішінде, 2857 субъектісі немесе 95,2 пайызын нақты жұмыс жасап тұрғандар құрап отыр. Ал, тоқтап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 144.

Ағымдағы жылдың басымен салыстырғанда жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 83 бірлікке азайған, ал, жұмыс жасап тұрғандар саны 57 бірлікке азайған.

«2023 жылға аудан бойынша кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылатын жұмыстардың іс-шаралар жоспары» бекітіліп, кент және ауылдық округі әкімдеріне орындауға арнайы жоспар берілді. Жоспардың 1 тармағына сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің халық санына шаққандағы үлесін 9 пайызға жеткізу туралы тапсырма берілген болатын. Бүгінгі күнге, аталған көрсеткіш Жалағаш кенті, Жаңадария және Таң ауылдық округтерінде орындалса, қалған ауылдық округтер бойынша (Аққұм, Аққыр, Ақсу, Аламесек, Бұқарбай батыр, Еңбек, Жаңаталап, Қаракеткен, Мақпалкөл, Мәдениет, Мырзабай ахун, Шаменов) кәсіпкерлік субъектілерінің халық санына шаққандағы үлесі 9 пайыздан төмен деңгейде.

Жоспарға сәйкес жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің үлесін 95 пайызға жеткізу туралы тапсырма берілген болатын. Аталған көрсеткіш Жалағаш кенті (94,3%) және Мәдениет(93,3%), Жаңадария(92,3%), Бұқарбай батыр (92,3 %) ауылдық округтерінде орындалмаса, қалған Аққұм, Аққыр, Ақсу, Аламесек, Еңбек, Жаңаталап, Қаракеткен, Мақпалкөл, Мырзабай ахун, Таң, Шаменов ауылдық округтерінде 95 пайыздан жоғары орындалды. 

Аталған кент, ауылдық округ әкімдері тоқтап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің санын азайту арқылы жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілердің үлесін арттыру қажет. Жоспардың 3 тармағына сәйкес кент және ауылдық округтерге халық санына байланысты, жаңадан 530 кәсіпкерлік субъектісінің тіркелуін қамтамасыз ету тапсырылған. 2023 жылдың 12 айында мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметіне сәйкес аудан бойынша 1173 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, 1371 кәсіпкер жеке кәсіпкерлігін жапқан.

Макроэкономикалық көрсеткіштерге келсек, 2023 жылдың 12 айында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 17 млрд 433 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 144,4 пайызға орындалды. Бюджет қаражаты есебінен 5,3 млрд теңге және меншікті қаражат есебінен 12 млрд 133 млн теңгеге) орындалған.

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары арқылы 2023 жылдың 12 айында 31 млрд. 912 млн. теңгені құрайтын өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,0 пайызға орындалып отыр. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 100,3 пайызға орындалып,7 млрд.377,0 млн теңгенің өнімі өңдірілді. Сонымен қатар, аудан бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі 12 айда 3 млрд 947,8 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,9 пайызға орындалды. 

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әрі қарай дамыту бағытында аудан бойынша жыл басынан 206 жоба 4809,3 млн. теңгеге қаржыландырылды. «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында 12 жоба 868,7 млн. теңге көлемінде қаржыландырылды. «Аграрлы Несие Корпорациясы» АҚ-ның облыстық филиалының жеке қаражаты есебінен 28 жоба 715,2 млн. теңгеге, «Қызылорда» Өңірлік инвестциялық орталығы» микроқаржы ұйымы» ЖШС-ның «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы аясында 28 жоба 273,5 млн. теңгеге қаржыландырылды.

«Агробизнес» бағдарламасы аясында «Ауыл» несие серіктестігі» ЖШС-і арқылы 34 жоба 2377,4 млн. теңгеге, «Каз Агро Қаржы» АҚ-ның және «Ком Транс Лизинг» ЖШС арқылы 2 жоба 16,5 млн.теңгеге қаржыландырылды. «Байқоныр ӘКК АҚ»«Ауыл аманаты» жобасы арқылы 22 жоба 179,7 млн. теңгеге қаржыландырылды. «Аграрлы Несие Корпорациясы» АҚ-ныңжастарға берілетін 2,5 пайыздық несие бағдарламасы арқылы 80 жоба 378,3 млн. теңге қаржылай қолдау тапқан. Оның ішінде, мал шаруашылығы 149 жоба 1766,8 млн теңгеге, егін шаруашылығы 11 жоба 1003 млн теңгеге, ауыл шаруашылығы және арнайы техникасын сатып алу 18 жоба 700,2 млн теңгеге, өңдеу саласы бойынша 7 жоба 361,2 млн теңгеге, қызмет көрсету 10 жоба 166,4 млн теңгеге және басқа да түрлері бойынша 11 жоба 811,7 млн теңгеге қаржыландырылған.

2023 жылдан бастап жастарды қолдау және олардың кәсібінің дамуына жағдай жасау мақсатында 2,5 пайызбен несие беру басталды. Осы бағдарлама бойынша ауданнан 80 жастың жобасы мақұлданып 378,3 млн теңге несие қаражаты алынды. Осы бағдарламаға Аққыр, Жаңаталап ауылдық округтерінен бір жобадан қаржыландырылса, Еңбек, Мәдениет, Мақпалкөл ауылдық округтерінен жастар аталған жобаға қатысып кәсібін бастауға несие қаражатын алмаған.

 «Ауыл аманаты» жобасының тиімділігі мен қаржы ұйымының талаптарын түсіндіру үшін аудан әкімінің орынбасарлары мен тиісті сала басшылары тарапынан 2023 жылыЖалағаш кенті және ауылдық округі тұрғындарымен 30 рет кездесулер ұйымдастырылды. Аудан әкімінің хаттамалық тапсырмасында кент және ауылдық округ әкімдері «Ауыл аманаты» жобасы бойынша кемінде екі жобадан қаржыландыру тапсырылған. Нәтижесінде, Жалағаш кенті және 8 ауылдық округі бойынша «Байқоңыр ӘКК» АҚ арқылы өндіріс, асыл тұқымды мал шаруашылығы, қызмет көрсету, өсімдік шаруашылығы бағытында 2023 жылы 179,7 млн теңгені құрайтын 22 жоба қаржыландырылды. Осы бағдарлама бойынша Ақсу, Аққұм, Қаракеткен, Шаменов, Мырзабай ахун, Мәдениет ауылдық округтері бойынша бірде бір жоба қаржыландырылмады. Жыл көлемінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы және жеке қаражаттары есебінен жалпы құны 1 млрд. 701 млн. теңгені құрайтын 16 жоба іске қосылып, 86 адам жұмыспен қамтылды.

Жеке кәсіпкер А.Ермекбаевтың антифриз өңдіру цехы. Жоба құны - 15,0 млн.теңге.2 адам жұмыспен қамтылған. Жеке кәсіпкер Б.Айбекованың «Жеті-қазына» 120 орындық балабақшасы. Жоба құны 200,0 млн. теңге. 18 адам жұмыспен қамтылған. Жеке кәсіпкер И.Күзековтың «Арун KIDS» 50 орындық балабақшасы. Жоба құны 30,0 млн.теңге.9 адамды жұмыспен қамтып отыр. «Сыздық» ШҚ-ның тәулігіне 60 тонна күріш ақтау және жем өндіру зауыты. Жоба құны 100,0 млн теңге. 8 адам жұмыспен қамтылған. Жеке кәсіпкер Б.Қошқарбаевтың көлік жуу орталығы.Жоба құны 20,0 млн теңге. 3 адам жұмыспен қамтылған. Жеке кәсіпкер Б.Алдабергеновтың көлік жуу орталығы.Жоба құны 13,0 млн теңге. 3 адам жұмыспен қамтылған. Жеке кәсіпкер Г.Усерованың сауда дүкені.Жоба құны 20,0 млн. теңге. 2 адам жұмыспен қамтылған. Жеке кәсіпкер А.Аекееваның ерекше балаларға арналған оңалту орталығы. Жоба құны 30,0 млн. теңге. 5 адамды жұмыспен қамтылған. Жеке кәсіпкер Е.Дауылбаев қоғамдық моншасы.Жоба құны 10,0 млн. теңге. 3 адам жұмыспен қамтылған. Жеке кәсіпкер Б.Сақидың көлік жуу орталығы.Жоба құны 10,0 млн теңге.    3 адам жұмыспен қамтылған. Жеке кәсіпкер Н.Сыздыққызының кондитерлік цехы. Жоба құны 6,0 млн. теңге. 2 адам жұмыспен қамтылған. Жеке кәсіпкер Б.Ахметованың сауда базары.Жоба құны 100,0 млн. теңге (5 адам). Жеке кәсіпкер Б.Айбекованың сауда орталығы. Жоба құны 97,0 млн. теңге, 5 адам жұмыспен қамтылған. Жеке кәсіпкер Е.Намурадинның көлік жуу орталығы. Жоба құны 20,0 млн. теңге (3 адам). «АВ-AGRO» ЖШС-ның күріш ақтау зауыты. Жоба құны 500,0 млн. теңге (5 адам). «Бағдаулет 57» ФҚ-ның сүт өнімдерін өндіру фермасы. Жоба құны 530,0 млн теңге, 10 адам жұмыспен қамтылған.

Сонымен қатар, 2024 жылға жалпы құны 1 млрд 241 млн теңгені құрайтын 7 жоба іске қосылып, 60 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Жеке кәсіпкер М.Бисеновтың наубайхана құрылысы. Жоба құны 10,0 млн. теңге (3 адам). «Баба» ШҚ-ның ешкі сүтін өңдеу цехы. Жоба құны 20,0 млн теңге (4 адам). Жеке кәсіпкер С.Әбдікеровтың 3000 басқа арналған тауық фермасы. Жоба құны 91 млн. теңге (5 адам). Жеке кәсіпкер Ш.Серіковтың 1000 басқа арналған құс фермасы. Жоба құны 20,0 млн. теңге (3 адам). Жеке кәсіпкер Е.Кайповтың сауда орталығы. Жоба құны 100,0 млн. теңге (5 адам). «Д.Ержанов» жеке кәсіпкерлігінің күріш ақтау және жем өндіру зауыты. Жоба құны 500,0 млн теңге (20 адам). «УНО-ПРОФ строй» ЖШС –нің асфальт және бетон өндіру зауыты. Жоба құны 500,0 млн теңге (10 адам).

Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялық жобалар пулы аясында биылғы жылы 1 млрд. 30 млн. теңгені құрайтын екі жоба іске асырылды. Бірінші, «АВ-AGRO» ЖШС-ның құны 500,0 млн. тенгені құрайтын тәулігіне 30 тонна күріш ақтау және жем өндіру зауыты. Жоба толықтай іске қосылып, алдағы уақытта тәулігіне 30 тонна ақ күріш шығарып, 5 тонна жем өндіретін болады. 5 адам жұмыспен қамтылды. Екіншісі, «Бағдаулет-57» фермер қожалығының жалпы құны 530,0 млн. теңгені құрайтын «100 бас ірі қара малына арналған сүт фермасы». Жоба іске қосылған уақытта тәулігіне 3000 литр сүтті өңдеп, өнім шығаратын болады. 

«Аграрлы несие корпарациясы» АҚ арқылы 364,0 млн. теңге несие мақұлданды, жеке қаражат есебінен 166 млн. теңге. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында 96 бас ірі қара малы әкелінді. Сиырлары туып, сауынға тұрғаннан кейін жоба толық іске қосылып, 10 жаңа жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құрылған Бірыңғай Жалпыұлттық жобалар пулы, Өңдеу өнеркәсібіне бағытталған жобалар пулы, Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында ағымдағы жылы Жалағаш ауданы бойынша ЖК «Ержанов Д» Д.Ержановтың жеке қаражаты есебінен құны500 млн. теңге болатын «Күріш ақтау және жем өндіру» жобасы және «УНО-ПРОФ строй» ЖШС – нің құны 500,0 млн теңгені құрайтын «Асфальт және бетон өндіру зауыты» жүзеге асырылатын болады.

Бүгінгі күнге «Серпін» аграрлы-индустриалды аймағына бөлінген 22,0 гектар жер телімінің 5,0 гектары инженерлік инфрақұрылым жүйесіне тиесілі болса,  16,1 гектары кәсіпкерлерге табысталып, аталған аймаққа бөлінген жер телімінің 95,9%-ы пайдаланылып отыр.

Қазіргі таңда, аймаққа жалпы құны 833,5 млн теңгені құрайтын барлығы 19 жоба орналастырылды. Аталған жобалардың ішінде 10 жоба іске қосылып, 4 жобаның құрылысы жүруде. 2023 жылдың ақпан, мамыр, тамыз айларында электрондық аукцион арқылы 5 жобаға жер телімдері табысталды. Сонымен қатар, 2023 жылы аталған аймақтан 1 жоба, атап айтқанда «Сыздық» ШҚ-ның күріш ақтау және жем өндіру цехы іске қосылды.

2024 жылы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 450 млн теңге, Жастарға жеңілдетілген 2,5 пайызбен берілетін несие қаражатынан 500 млн теңге және «Іскер», «Агробизнес» бағдарламалары арқылы тиісті несие қаражаттарын алу бағытында жұмыстар жүргізілетін болады.

 

Тағы да оқыңыз: