Kyzylorda-news.kz. Ұлттық бірыңғай тестілеу биыл электронды форматта ұйымдастырылады.

Қызылорда облысында сынақ 6 мамыр мен 30 маусым аралығында өтеді. Ол үшін арнайы 4 тестілеу орталығы жабдықталған.

“Биыл аймақта 7006 оқушы мектеп бітереді. Оның 5949-ы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады деп жоспарлануда. Биылғы жылғы жаңа ереже бойынша, мектеп бітірушілер ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижені грант иелену үшін конкурсқа жолдай алады. Тестілеу барысында санитарлық шектеу шаралары қатаң сақталатын болады”, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Тағы да оқыңыз: