Kyzylorda-news.kz. Шымкент қаласында парадзюдодан ерлер мен әйелдер арасында ҚР кубогы өтті.
Қазақстанның барлық өңірі қатысқан дүбірлі додада қызылордалық спортшылар 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен жалпы командалық есепте II орынды иеленді.
Жекелей есепте 57 келіде Даяна Федосова мен 78 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Айдана Кенжетай жарыстың жеңімпазы атанды. Қос спортшы да жарыс барысында 2 кездесу өткізіп, қарсыластарынан басым түсті.
73 келіде Азамат Тұрымбетов күміс, +78 келіде Әсем Аманбек қола жүлделерді еншіледі.Енді спортшылар, Әлем чемпионы Олжас Оразалыұлы, Азамат Тұрымбетов пен Даяна Федосова ақпан айының соңында Грузияның Тблиси қаласында оқу-жаттығу жиыны мен турнирге, сәуірде Анталияда, мамырда Бакуде және маусым айларында Англияда өтетін лицензиялық Гран-При жарыстарына қатысуы жоспарлануда.
Спортшыларды жарысқа Жанарбек Сансызбаев, Руслан Беркімбай және Қайрат Төленов дайындады.