Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөліміне Әйтеке би кентінің тұрғыны Абай ауылының мал жайылымынан 7 қойы мен 4 ешкісін ұрлап кеткені туралы арызданған.

Аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде мал ұрлығына күдікті 51 жастағы аудан тұрғыны анықталып, ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 1-бөлігімен (мал ұрлығы)сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: