Kyzylorda-news.kz. 30 желтоқсанда балалар ІІ оқу тоқсанын аяқтайды. Қызылорда облысында ІІ оқу тоқсанда 53568 бала дәстүрлі түрде оқыса, үшінші оқу тоқсанда 71589 бала мектепке барып оқитын болады. Қазіргі таңда оқушылар тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмыстар тапсыруда. Бұл туралы бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

Оқушылар 11 күн демалады, яғни қысқы каникул уақыты 31 желтоқсан мен 10 қаңтар аралығында өтеді. Ал, ІІІ оқу тоқсаны 11 қаңтарда басталады. 1-5 сыныптар үшін кезекші топтар жұмыс істейді. Ал, бала саны 300-ден аспай мектептерде оқу дәстүрлі форматта ұйымдастырылады.

“Негізгі өзгешелік бар. 9,11 сынып оқушылары барлық сантиралық-эпидемилогиялық сақтай отырып аралас форматта, яғни дәстүрлі түрде мектепке барып оқитын болады. Бүгінгі күні 9-сыныпта 13252 оқушы, 11-сыныпта 7004 оқушы білім алатын болады. Бұл сыныптарда балалар негізгі пәндерді, яғни қорытынды емтихан мен ұлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі міндетті компонентті пәндер бойынша білім алады”,-деді Ақзира Қасымова.

Сонымен бірге ІІІ оқу тоқсанында мектептерде оқушылардың қашықтан оқу барысында игерілуі қажет оқу бағдарламасын толықтыру үшін 5 оқушыдан аспайтын топтарда консультациялар ұйымдастырылады.

Тағы да оқыңыз: