Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 537, ал симптомсыз- 208 азамат. Ал індеттен айығып шыққандар саны 475-ке жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Симптомды жаңа 5 жағдай тіркелсе, бесеуі де скринингтен , ал симптомсыз коронавирус инфекциясының 12 дерегі анықталды. Оның 5-і скринингтен, 2-і ақылы тест сынамасын тапсырғаннан, 5-і індет жұқтырған науқаспен байланыста болғаннан анықталды»,- деді Жақсылық Абдусаметов.
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 6085 азамат анықталды. Оның ішінде, 3710-ы тікелей қарым-қатынаста, 2375-і жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, карантиндік шараларды қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.