Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Кітап құрттары» клубының және Қызылорда еріктілерінің ұйымдастыруымен «Кітап сыйла» акциясы өтті.
Акцияға Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің аға офицері аға лейтенант Ғафур Ақмырзаев та өз үлесін қосып, Азаматтық қорғау саласындағы ақпараттық-әдістемелік материалдар жиынтықтарын, жылдар бойы жинаған «Пожарный и спасатель Казахстана» және «Сыр құтқарушысы» журналдарын сыйлады.Аталған іс-шараның мақсаты - Қызылорда қаласы тұрғындары мен еріктілер өз кітаптарын келесі бір тұрғынға ұсына отырып, жиналған кітаптардан өзіне керекті кітаптарды ақысыз түрде ала алуы болды.
Сондай акцияда жиналған журнал мен кітаптар «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына» тапсырылды.
“Азаматтық қорғау саласындағы ақпараттық-әдістемелік материалдар жиынтықтарын, жылдар бойы жинаған «Пожарный и спасатель Казахстана» және «Сыр құтқарушысы» журналдарын тұрғындарға сыйлаудағы мақсат – жастар арасында бұқаралық құтқарушы жұмысын жандандыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, сондай-ақ жасөспірімдерді әскери-патриоттық тәрбиелеуді насихаттау”, – деді Ғафур Әлиұлы.