Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер «Құқық  тәртібі» жедел профилактикалық іс-шарасының 2 күнінде 13 қылмыс ашты.  Облыс  орталығында бұрын жасалған 3 қылмыстың беті ашылды. Профилактикалық есепте тұрған 499 тұлға тексерілді.

Облыс бойынша барлығы 524 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Мәселен, алкоголь өнімдерін сату тәртібін бұзудың 4 дерегі тіркелсе, түнгі тыныштықты бұзудың – 22, қоғамдық орында алкогольдік мас күйде болудың  – 47 дерегі анықталды.

Жол қауіпсіздігіне келер болсақ, жылдамдықты асырған 98 жүргізуші, жаяу жүргіншіге жол бермеген 10 және көлікті мас күйде басқарған 9 жүргізуші заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды. 

Айта кетерлігі, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел шарасы өткізіліп, полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаратын болады.

Тағы да оқыңыз: