Kyzylorda-news.kz. Республика бойынша мемлекеттік білім беру гранттарының қорытындысы жарияланды.
Биылғы оқу жылына 53 мыңға жуық гранттар бөлінді. Оның ішінде Сыр елінің талапкерлері де мемлекет есебінен ұсынылатын тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.
Биылғы жылы өңірде 3948 оқушы мемлекеттік грантқа өтініш берген. Оның 3058-і грант иегерлері атанды. Гранттарды бөлінісі негізінен бірнеше басым бағыттарға қарай тағайындалды.
Атап айтқанда, ақпараттық технологиялар, педагогика саласы мен құрылыс саласының мамандарына басым гранттарды алды. Қызылорда облысынан грантқа үміткер болған 3058 оқушының басым бөлігі техникалық мамандықтарды таңдаған.
Тарқатып айтқанда, 980 талапкер педагогикалық, 356 түлек медициналық бағытты таңдаса, 912 үміткер техникалық мамандықтарға таңдау жасаған. Ал, 212 түлек ауыл шаруашылығы бағытына баруды көздейді. Сонымен бірге 598 түлек өзге де бағыттағы мамандық иесі болуды қалады.
Биылғы жылдың басты ерекшелігі – гранттар университеттерге емес, талапкерлерге беріледі. Яғни талапкердің гранты негізінде университеттер бала қабылдайды. Бұл ретте гранттардың бөліну бағыты еңбек нарығындағы сұранысқа сай жүргізілген.
Айта кетейік, мемлекеттік білім беру грантынан бөлек, Қызылорда облысы әкімінің арнайы 150 гранты бөлінді. Әкім атындағы грант арнайы категориядағы отбасынан шыққан, оқу үлгерімі жақсы талапкерлерге беріледі.