Kyzylorda-news.kz. 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токиода өтетін XVI Паралимпиада ойындарын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Паралимпиадаға Қазақстан атынан 7 спорт түрі бойынша 26 спортшы қатысады. Жолдамалардың жетеуі – суда жүзуден, жетеуі – дзюдодан, бесеуі – пауэрлифтингтен, үшеуі – таеквондодан, екеуі – жеңіл атлетикадан, екеуі – каноэде ескек есу мен оқ атудан.

Жапония ұлттық стадионында өтетін салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің Туын таеквондодан екі дүркін Әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы, Еуропа чемпионатының үш дүркін жеңімпазы Нұрлан Домбаев пен пауэрлифтингтен Рио Паралимпиадасының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева ұстайды. Ашылу салтанаты 24 тамыз 17:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.

XVI Паралимпиада ойындарында жалпы саны 136 мемлекеттен 4400-ге жуық спортшы 22 спорт түрінен сынға түседі.

«Qazsport» телеарнасы қазақстандық паралимпиадашылар қатысатын жарыс түрлерін тікелей эфирде таратады. Жарыстар телеарнаның https://qazsporttv.kz/ ресми сайты арқылы да көрсетіледі.

Тағы да оқыңыз: