Қазақстандық боксшы 70 секундтық жекпе-жек үшін қанша гонорар алды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қазақстандық боксшы 70 секундтық жекпе-жек үшін қанша гонорар алды

05.04.2021, 9:27

659 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық сарапшы Айдар Махметов Тұрсынбай Құлахметтің венесуэлалық Эбер Рондонмен өткізген жекпе-жегі үшін қанша гонорар алғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Боксшы Тұрсынбай Құлахмет кәсіби шаршы алаңдағы үшінші жекпе-жегі үшін 210 000 доллар алды. 70 секундқа жақсы табыс!», – деп жазды Махметов өзінің MakhmetovSport телеграм-каналында.

Еске сала кетейік, Тұрсынбай Құлахмет өзінің қарсыласы Эбер Рондонды бар болғаны 70 секундта нокаутқа жіберген. Бұл жеңіс 27 жасар боксшының WBC International бойынша бірінші орта салмақта чемпион белдігін қорғап қалды.

0

Пікір қалдыру