Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Рүстембеков көшесі 29 тұрғын үйде газ баллоны жарылып, 4 адам қаза тапты.

Оқыс оқиға сағат 13.30 шамасында орын алған. Тұрғын үйдегі 27 литрлік газ баллоны жарылып, 144 шаршы метр жер өртке оранған.

Хабарлама бойынша оқиға орнында осы отбасының келіні 1981 жылы туылған Айтмаханова Раушан Жетпісбайқызы, көршісі Рүстембеков көшесі № 24 үйдің тұрғыны 1999 жылы туылған Мырхиев Сүлеймен Рахманбекұлы, 2001 жылы туылған Өміртаева Сезім, Қайырбекұлы көшесі № 47 үй тұрғыны 2000 жылы туылған Айтмаханова Назерке Жетпісбайқызы қайтыс болған. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 1950 жылы туған С.Алмаханова хирургия бөлімшесіне жатқызылған. Дәрігерлер бақылауында қазіргі таңда сала мамандары жан-жақты психологиялық көмектер көрсетуде. Оқиға салдарынан баспананың қабырғасы құлап, төбесі опырылып түскен.

Оқыс оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тиісті құрылымдардан жедел жұмылдыру жұмыстары ұйымдастырылды.

Өртті сөндіруге Қызылорда облыстық Төтенше жағдай департаментінен 16 қызметкер, 4 бірлік техника және басқа да тиісті сала қызметкерлері мен техникалар жұмылдырылды.

Тағы да оқыңыз: