Kyzylorda-news.kz. Қара бұрыш адамның коронавирус жұқтыру мен ағзасында вирус таралуды төмендетеді. Үндістанның технологиялық институтының ғалымдары осындай шешімге келді. 

Зерттеу кезінде ғалымдар сан алуан дәмдеуіштердің вируспен қалай байланысқа түсетінін зерделеп шықты. Сол кезде бұрыштың құрамына кіретін “пиперин” деген заттың белсенділігі барынша байқалды. Дәл осы зат бұрышқа ащы дәм мен өзіне тән иіс береді.

Ғалымдардың айтуынша, коронавирустың құрамындағы S-ақуызы вирустың бетінде жүреді және тікенектердің өсуіне ықпал етеді. Сол тікенектер вирусқа адам ағзасындағы жасушаларға жабысуға көмектеседі. Ал пиперин S-ақуызын бұғаттай алайды, тікенектерді әлсіз етеді. Осылайша, вирустың адам ағзасына түсу және таралу қабілеті төмендейді. 

Үнді ғалымдары әр түрлі бұрышта пипериннің мөлшері әрқалай болатынын да атап өтті. Мәселен, ұнтақталған бұрышта аздау болады. Ал жаңа тартылған бұрышта көбірек, себебі дәннің ішіндегі пиперин ұзақ сақталады. 

Алдағы уақытта ғалымдар зертханада ғылыми тәжірибе жасап, клиникалық сынақтарды да өткізуді жоспарлап отыр.

Дәрігерлер де сан алуан дәмдеуіштердің адам иммунитетін күшейтіп, қабыну реакцияларын баса алатынын растап отыр. Дәрумендер мен микроэлементтердің сіңуіне көмектеседі. Алайда халық медицинасын қолданғанда дәрігермен кеңесіп алған жөн. Мәселен, асқазаны ауыратын, гипертония мен аллергиясы бар адамдарға ащы дәмдеуіштерді жеуге болмайды.

Sputnik.kz

Тағы да оқыңыз: