Kyzylorda-news.kz.Қазақстандық спортшылар Токиодағы XXXIІ жазғы Олимпиаданың ашылу рәсіміне қатысты. Спортшылар шеруінде еліміздің Туын Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мен бокстан әлем чемпионаттарының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев көтеріп шықты.
Қазақстан құрамасы сапында атлеттер шеруіне 40 спортшы, 5 жаттықтырушы мен команданың ресми өкілдері қатысты.
Айта кетейік, Токио Олимпиадасына Қазақстан құрамасы сапында 95 спортшы аттанды. Олар 27 спорт түрінен бақ сынайтын болады. Ертең 13 спортшымыз жарыс жолына шығып, жүлдеге таласатын болады.
ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарында бақ сынайтын отандастарымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!