Kyzylorda-news.kz ҚР Тұңғыш Президенті, Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарық көргенде көпшілік қолдау білдіріп, оның ішіндегі «Туған жер» бағдарламасының жүзеге асырылуын іс жүзінде көруге асыққандай болып еді. Міне, содан бері де біршама уақыт өтті. Аталған мақалада Н.Назарбаев:

– «Жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелікпен қолға алуға тиіс. Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек. Бұл жерде де көп жұмыс бар. Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жоғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады. Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге-Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады», – деген болатын. 

Айтса айтқандай-ақ «Туған жер» бағдарламасы іс жүзінде жүзеге асып, оның игілігін ауылдағы ағайын түгелдей көріп келеді. Қазір ауылына, туған жеріне қарайласып келе жатқан азаматтар қатары артып келеді. Мұның барлығы аталған бағдарламының рухани тұрғыда қолдау тауып келе жатқанын көрсетсе керек. Егемендігіміз бізге орасан зор мүмкіндіктерді берді. Азат ел болғалы еңсемізді көтеріп, салт дәстүріміз, рухани құндылықтарымызбен қатар мешіт, медреселердің саны бірнеше есе өсіп, халқымыз имандыллыққа да бет бұрды.

Қасиетті рухани құндылықтарымызды бойыны сіңіре берген иманды, ибалы да білімді жастарымыздың қатары арта түсті. Өткен тарихымыздан алатын тағылым-тәлім, дәріс-сабақ, үлгі-өнеге мен өнерлілер көп. Өткенді түгендеу арқылы болашаққа бағдар жасалып, артына ұлағат қалдыра алатын ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып келеміз. Әрбір адам үшін өзінің туып өскен атамекен елі қымбат. Әрбір жердің қадірін сол жерде туып өскен жан біледі. Осындайда терең ойланған әрбір Қазақ, әрбір мұсылман азаматтар ел тәуелсіздігінің қадіріне жетіп, оны көзіміздің қарашығындай сақтай білу ортақ мақсат.

«Адалдық – ардың ісі, ауырлықты көтеру нардың ісі, жақсы іске жан сүйсінер» деп бабаларымыз айтқандай тәуелсіздігіміздің арқасында имандылыққа бет бұрған, болашағынан зор үміт күтетін, жақсы істерінен жан сүйсінетін, заман талабына сай кәсібін дөңгелетіп, соның арқасында туған жеріне замануи талапқа сай Алланың үйі мешіт салып беріп, жаста болса бас болып, имандылық жолында жүрген жастарымыздың бірі де бірегейі – Рамазан Елубайұлы Сағынтаев туралы айтпақпын.

Рамазан Елубайұлы 1984 жылы 21 наурызда Мергенсай ауылдық округіне қарасты Жалаңаш елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі Елубай Сағынтайұлы Тышқанбаев елдің алдында абыройға бөленген жан. Кезінде балықшылар бригадирі болған. Ерен еңбегінің арқасында облысқа депутат болды. Сарбұлақ топтың су құбырында электрик , шебер, диспечер болса, ғасыр құрылысы атанған «Көкарал» бөгетінің құрылысы басталысымен. Охрантруда болып құрылыс аяқталғанша еңбек еткен. Қазір зейнет жасынын асса да жеке кәсіпкерлігімен де айналысады. Ағайын туыс-жекжаттар арасында адамгершілігі бар адам екенін білеміз. Елубай, әулие, көріпкел, даналығымен елге танылған Бақсы Құлымбет аталығынан Сасықбай атаның тікелей ұрпағы.

Сасықбай атамыз Шалқар жақтағы Қотыртас пен Қауылжыр бекеттерінің аралығында жерленген екен. Алғашқы темір жолды салған кезде темір жол Сасықбай атаның бейітінің үстіне салынса керек. Сол салынған темір жол рельстері ертеңіне-ақ өзінен-өзі шашылып қала берген. Жол біткенде де сол маңайға келгенде вагондар рельстен тайып кете берген. Мұны жергілікті көне көз қариялар бұл жерде Сасықбай әулие жерленген. Бұл сол кісінің кереметі дегеннен соң, темір жолды басқа жерден қайта жүргізген. Мұнан соң ғана пойыздар қозғалысы қалыпты жағдайда жүрген екен деген дерек те осы күнге дейін ел аузында сақталып келеді. Міне осындай кереметі зор Сасықбай әулиенің тікелей ұрпағы болған соң Елубай осал болсын ба?! Сасықбай атаға арнап Жалағаш елді мекеніндегі ұрпақтары үлкен етіп 2013 жылы белгі орнатқан болатын. Елубайдың әкесі Сағынтай Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бастап 1945 жылдың аяғына дейін қан майданда ерлік жасап, орден-медальдармен марапатталған. Бірнеше мәрте жарақаттанып елге оралды. Соғыстан оралған соң да ата кәсібі балық аулап, елдің әл-ауқатын көтеруге сүбелі үлес қосқан майдангер. Анасы Қалзира да дүниеге ұрпақ әкелген. Елінің, жерінің салиқалы өнегелі отансы болған десе-ді. Елубай жар таңдаудан да маңдайлы болды. Өнегелі өмірдің баспалдағынан тәлім-тәрбие алып бойжеткен ару Марал Торғайқызына үйленіп, отау құрды. Марал Торғайқызы отбасын жұмаққа айналдырған, босағасы қонақтан босамаған, жақын туыс, жекжаттарды жақындастыра білген абзал ана. Маралдың жібектей мінезі үй-ішіне айналасына жұғымды, қайырымды, мейірімділігі, үлкенді құрметтеп, кішеге ізетті, кісі бетіне жел болып тимей тұратын кішіпейіл жан екенін өте жақсы білгендіктен айтып отырмын. Ұзақ жылдар Жалаңаш орта мектебінде лобарант болып қызмет еткен.

Кейіпкеріміз Рамазан Елубайұлы Жалаңаш елді мекенінің орта мектебін бітірген соң Ақтөбе қаласындағы газ-мұнай саласының колледж содан соң Ақтаудағы ЦАУ-ның газ-мұнай инжинер мамандығын бітірген. Кәсіпкерлікпен 2007 жылдан айналысып келеді. Кәсіпкерлігі ТОО «Декор ЛТД Сагынтаев Рамазан Елубаевич» деп аталады. Бұл серіктестіктің бір гегтар жерді алып жатқан «Темір су» деп аталатын өндіріс базасы бар. Мұнда пластик-терезе жасайтын цех, екіншісі мебель жасайтын, үшіншісі үлкен қабатты үйлерге коттеждерді қаптайтын декор шығарады. Төртіншісі еденге төсейтін бурчаткалар шығарса, бесіншісі үлкен пластик-блок жасайтын шағын завод бар. Әрине барлық цехтарда замануи техника-технологиямен жабдықталған. Осы бес цехта 25 адам жұмыспен қамтылып, напақасын табуда. 

Пайғамбарымыздың хадисінде «Кімде -кім жер бетіне Алланың үйін салуға атсалысса, Алла ол кісіге жұмақтан орын дайындайды» делінген. Туған жеріне тағзым еткен Рамазан Елубайұлы, өзі өсіп жетілген туған жері Жалаңашқа мешіт салып беру ой түбінде жатқан арманын іске асыруға бел буды. Өйткені ілгеріде қолхоз балықшыларының асармен салынған Сражаддин мешіті көнерген болатын. Шернияз баласы, Сражаддин мешітінің жанынан жаңа жобадағы заман талабына сәйкес ҚР-ның құрылыс туралы заңнамаларына сүйене отырып өз қаражатымен болашақ ұрпаққа мұра болатындай мақсатпен мешіттің іргетасы 2018 жылы бастап қаланған еді. Ақтау, Алматы, Қызылорда қалаларынан құрылысқа қажетті материаладар тасмалданды. Құрылыс жұмыстарын жүргізген жалдамалы жұмысшылардың келісілген жалақысы уақытылы төленіп тұрды.  Қазір «Сражаддин» мешітінің құрылысы аяқталды. Мешіттің техникалық жобалау проектісі жасалынып бекітілген. Қызылорда облыстық құрылыс басқармасынан жаңалап қайта салуға рұқсаты алынған. ҚР-ның ҚМДБ Бас мүфтиінен мешіт салуға рұқсаты да бар. Бұрынғы мешіт те Арал аудандық бас мешіттің меншігіне тіркелген. Міне, осындай сан түрлі құжаттарды әзірлеудің өзі қанша жұмыс екені әркімге мәлім екені анық. Мешіт құрылысын жүргізудің өзі де оңайлықпен келген жоқ. 2019 жылы басталаған короновирис пондемия індеті де көп кедергі болғаны рас. Бірақ сонда да қажымас қайрат, өршіл талап, мұқалмас жігер Рамазан Елубайұлын қажыта қойған жоқ. Мақсат орындалды, мешіт халық игілігіне 2021 жылы 16 шілдеде табысталды. Табыстау кезінде аудан әкімшілігінің келісімімен пандамия індетіндегі талаптарын сақтай отырып, аудан мешітінің бас имамы Қайрхан Қабылғазиев, Жақсықылыш елді мекені имамы Мәжит Әбішевтердің және сол мекенің тұрғындарының қатысуымен мешіт ашылды. 

Осы мешіттің жұмысының жүйелі жүріуіне және жоғорда аталған қаншама құжаттарды әзірлеу кезінде ауданға белгілі энергетика саласының майталманы, көптің құрметтісі Рамазанның туған нағашысы Көптілеу Торғайұлы Жұмабаевтың атқарған жұмыстары ұшан-теңіз. Мешіттің ашылуына да пандамия індеті кедергі болғаны бар. Аудан әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлывтың қабылдауында болып кеңес құрып келісілгенін айта кеткен жөн. Осы жұмыстардың басында жүрген Көптілеу інім болатын. Сол кеңесуде менде қатысқан едім. «Анаңның емген сүті үшін нағашыңды сыйла, балаңның емген сүті үшін әйеліңді сыйла» деген халық даналығы бар. Рамазан да Көптілеу нағашысының алдынан кесе өтпейтін, ақыл-кеңесін бойына тоқитын иманжүзді азамат екені белгілі. Мешіт салу кезінде сол мекеннің тұрғындары құрылыс жұмысшыларына кезектесіп малын сойып, астарын әзірлеп, жұмыстарына сәттілік тілеп, баталарын беріп, іргетасын құйған кезде де көмектескендерін айта кеткен жөн. Сол жерден өнген ұрпақтары еліміздің түкпір-түкпірінде тұрып жатқан жастары, достары, тілеулестері, сыныптастары болып мешіттің ішіне жаятын кілемдер, азан шақыратын құрылғылар, басқа да керек заттарды мешітке тарту етті.

«Мешіт» сөзі «Бас иіп, маңдайын жерге тигізіп, сәждеге жығылатын орын» деген мағнаны білдіреді екен. Казір тұрғындар да әр жұма сайын имандылық жолында жүрген үлкені-кішісі де мешітке барып, жұма намазын оқып сәждеге жығылуда. Сражаддин мешітінің имамы сол жердің тумасы иман жүзді азамат Еркінбай Нұрсұлтан ұлы қызмет етуде.

Рамазнның құдай қосқан қосағы Әсел Нұрқожақызы жоғары білімді, білікті есепші-бухгалтер ретінде осы серіктестіктің есепшісі болып қызмет етуде. Көрнекті жазушы Ғ.Мүсірепов «қазақ әйелін «жан жарым» дейді. Бұл үлкен сөз. Жаны мен жаны үндес, ойы мен арманы үндес, егіз адамбыз дегені ғой» - депті.  Жоғарда айтылған аталы сөздей егіз адамдай, татулықтың туын жоғары көтерген жаны, ойы, армандары үндес Рамазан мен Әсел алтын асықтай бес бала тәрбилеуде . 

Тағы да оқыңыз: