Kyzylorda-news.kz. 2020 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалына азаматтардан 15 450 өтініш келіп түсті, оның ішінде 15 219 өтініш консультациялық сипаттағы, 168 шағым, 63 алғыс. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.

Шағымданудың себептері: МӘМС мәртебесін алу, дәрі-дәрмектердің болмауы, консультациялық-диагностикалық қызметтерді ұзақ күту, емханалар мен ауруханалардағы медициналық көмектің сапасы, медициналық ұйымдар қызметкерлерінің дәрігерлік этика мен деонтологияны сақтамауы, ауруханаға жатқызудан бас тарту және т.б.

Көбінесе «Qoldau – 24/7» мобильді қосымшасы арқылы есепке қою кезінде сақтандырылу мәртебесі жоқ жұмыс істемейтін жүкті әйелдерден өтініштер түседі. Бұл жағдайда біздің сарапшылар жүктілікті растайтын анықтамалардың негізінде 1 айға уақытша мәртебе береді. Осыдан кейін жүкті әйел есепке алынады және болашақта оның мәртебесі өзгермейді, ол сақтандырылады.

Сондай-ақ, «Qoldau – 24/7» мобильдік қосымшасы арқылы уақытша мәртебеге отандық және шетелдік жоғары оқу орындары мен колледждердің күндізгі бөлім студенттері ие бола алады. Ол үшін студенттер белгілі бір оқу орнында оқығанын растайтын анықтаманы тапсыруы керек. Студентке 1 ай мерзімге уақытша сақтандыру мәртебесі беріледі. Әрі қарай, ол өзінің деректерін Ұлттық білім дерекқорына немесе egov.kz веб-сайтына «Білім» бөлімінде дербес тіркелу үшін оқу орнының деканатына жүгінуі керек.

Филиал директоры атап өткендей, уақытша сақтандыру мәртебесін азаматтардың 15 жеңілдік санатындағы барлық өкілдері ала алады (толығырақ – https://fms.kz/kk/content/azamattardyn-zhenildigi-bar-sanattary). Бұл кезең (1 ай) пациенттің жеңілдік мәртебесін қалпына келтіру үшін беріледі.

Егер пациентке медициналық көмек көрсетуден бас тартылса немесе тиісті түрде көрсетілмесе, онда 1406 нөмірі, «Qoldau – 24\7» мобильді қосымшасы немесе «SaqtandyruBot» Telegram-бот бойынша жүгіну қажет. Қордың мамандары мен сарапшылары жедел жауап беріп, қажетті көмек көрсетеді.

Тағы да оқыңыз: