МӘМС-ке сұрағыңыз бар ма? – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

МӘМС-ке сұрағыңыз бар ма?

Kyzylorda-news.kz. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов тұрғындардың МӘМС туралы өзекті сұрақтарына жауап берді.

– Жұмыс істемейтін жүкті әйел МӘМС жүйесінде жарналарды төлеуі тиіс жағдайлар бар ма?

– Жеңілдік мәртебесі – «жұмыс істемейтін жүкті әйел» – егер алдыңғы екі айда төлемдер болмаса, ол жүктілік бойынша есепке алынған және оның деректері «жүкті әйелдер мен фертильдік жастағы әйелдер тіркелімі» ақпараттық жүйесінде болса, автоматты түрде беріледі.

– Науқас Қызылордада тұрады, бірақ Алматы қаласында тіркелген. Covid-19 анықталды. Бұл жағдайда қайда бару керек?

– Жұқпалы (паразиттік немесе вирустық) аурумен ауыратын науқастарға немесе осындай ауруларға күдікті пациенттерге медициналық көмек тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі. Бұл жағдайда диагностиканы қоса, қажетті медициналық көмек көрсету үшін пациенттің тұратын аумағы бойынша емханаға жүгіну қажет.

– Қандай жағдайларда пациенттер тіркелген (тұратын) жері бойынша емес медициналық көмекке құқылы?

– Пациенттердің тұрғылықты және тіркелген жерінен тыс жерде медициналық көмек алуы мынадай жағдайларда мүмкін болады:

1. Төтенше жағдай ( өмірге және денсаулыққа қауіп төндіреді) – жедел медициналық көмек шақыру немесе жақын аурухананың қабылдау бөліміне (травматологиялық пункт) хабарласу керек

2. Шұғыл жағдай (өмірге қауіп төндірмейді, мысалы, созылмалы аурудың өршуі) – жақын маңдағы емханаға жүгіну керек

3. Жоспарлы медициналық көмек – емхананың жолдамасы бойынша емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы көрсетілетін болады. МӘМС-да жоспарлы көмекті тұрғылықты жеріне және тіркелуіне қарамастан алуға болады.

МӘМС бойынша ақпарат қажет пе?

Егер сіз сапасыз медициналық көмекке тап болсаңыз әлеуметтік сақтандыру қорының аймақтық филиалдарына жүгінуіңізге болады.

Филиалдардың мекен-жайлары, байланыс телефондары және электрондық пошталары төмендегі кестеде жарияланған.

0

Пікір қалдыру