Kyzylorda-news.kz. “Күнделік” жүйесін бұзу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. 

“Күнделік” электрондық жүйесі “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ серверлік орталығының базасында орналасқан әрі сыртқы шабуылдардан қорғалған дейді “Күнделік” ЖШС директоры Мұхтар Ілиясов.

Оның айтуынша, жүйені ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің “Мемлекеттік техникалық қызмет” АҚ тұрақты бақылап отырады. Кез-келген сыртқы шабуылды ҚР ҰҚК қадағалайды.

Сондай-ақ ол “Күнделік” жүйесін бұзу туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты. Яғни, ешқандай шабуыл болмаған, пайдаланушылардың деректерін қорғау толықтай қамтамасыз етілген.

“Электрондық жүйеде деректермен жұмыс істеу кезінде жеке ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Логин мен құпиясөзді бөгде адамдарға беруге немесе ашық түрде қалдыруға болмайды. Мұндай жағдайларда аккаунттар бұғатталып, келеңсіз жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін. Мәселен, бүгін қаскүнем аккаунтын ашық қалдырған пайдаланушының атынан жүйеге кіріп, әдепсіз хабарламалар қалдырды. Техникалық қолдау қызметі бұл хабарламаларды өшіріп, профильді бұғаттады”, – деп жауап берді Мұхтар Ілиясов.

Тағы да оқыңыз: