Kyzylorda-news.kz Жыл басынан бері Қызылорда облысының тұрғындары VIP мемлекеттік нөмірге 290 миллион теңгеден астам қаражат жұмсаған. Мамандандырылған ХҚКО-ларда 803 жоғары сұранысқа ие нөмірлер берілді.

Айта кетейік, жоғары сұранысқа ие нөмерлерді сату республикада 10 жыл бұрын енгізілген болатын.

2024 жылдын басынан Қызылорда облысында 070, 077, 101 цифрлық белгісі бар мемлекеттік нөмірлер сұранысқа ие. Әрбір осындай нөмірдің мемлекеттік баж мөлшері 57 АЕК (2024 жылы - 210 444 теңге) құрайды.

Ең қымбат әріптері бірдей VIP нөмірлер 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777. Әрбір осындай нөмір үшін мемлекеттік баж 285 АЕК құрайды, яғни 1 052 220 теңге.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс бойынша Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында 2700-ден астам автомобиль тіркелген, 1197 жүргізуші куәлігі берілген.

Тағы да оқыңыз: