Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Рамазан айының басталуымен құттықтады.
“Барша мұсылман қауымы асыға күтетін он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын, ниеттеріңіз қабыл болсын!
Бұл ай – рухымызды көтеріп, тазалық пен имандылыққа шақыратын кезең.
Алла тағала әрбір шаңырақтың құт-берекесі мен ырзық-несібесін молынан берсін!
Тұтқан оразаларыңызды, еткен ғибадаттарыңызды, тілеген тілектеріңізді қабыл етсін!
Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, іргесі берік болсын!”, – деді аймақ басшысы