Kyzylorda-news.kz. Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың журналистерге арналған брифингі басталды.
Бұл – Гүлшара Наушақызының облыс әкімі ретіндегі БАҚ өкілдеріне арналған алғашқы брифингі.
«Пандемия қалыпты тіршілікке өзгеріс енгізді. Дегенмен, Президент қабылдаған шешімдердің арқасында негізгі басымдыққа ие салалардағы көрсеткіштердің төмендеуіне жол берген жоқпыз», – деді брифингте Гүлшара Наушақызы.
Айта кетейік, облыс әкімі аталған брифингте Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттерді орындау мақсатында жасалған жұмыстар, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы мен Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталатын болады.