Kyzylorda-news.kz.  Қазгидромет 23 мамырда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Бұл күні солтүстік-батыс циклонның әсері сақталады және онымен байланысты фронтальды жаңбыр жауады. Елдің батысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болып, найзағай, бұршақ, дауыл, екпінді жел күтіледі. Республиканың оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында топырақ бетінде үсік жүреді.

Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Тағы да оқыңыз: