Дәрігерлер коронавирустың сипаттамасына үш жаңа симптом қосты – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Дәрігерлер коронавирустың сипаттамасына үш жаңа симптом қосты

05.07.2020, 13:00

846 1

Kyzylorda-news.kz. COVID-19 симптомдарының санына үш жаңа симптом қосылды. Олар диарея, жүрек айнуы және мұрынның бітелуі. Бұл туралы АҚШ-тың Ауруларды бақылау және профилактикасы бойынша орталығы хабарлады.

Бұған дейін америкалық дәрігерлер инфекция белгілері  жоғары температура, тыныс алудың нашарлауы, жөтел, иіс пен дәм сезудің жоғалуы, сондай-ақ бұлшықет ауруы, қалтырау мен тамақ ауруы деп атаған. Британдық дәрігерлер коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастардың 30%-ы өкпе қабынуы нәтижесінде пайда болатын және өлімге себеп болуы мүмкін тромбоз белгілерін байқайтынын хабарлады.

Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирусты 10,8 млн-нан астам адам жұқтырған, 519 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Baq.kz

1

  • Уже елдын бари иіс дәм сезбей кеткен сон,осылай шыгарып жатырма осы аурудын белгилер деп.калай кудайдан корыкпайды,онда букил казакстан короновирус кой,барлыгы иіс дәм сезбей жур гой.мига конымды нарсе айтуга болады гой.

Пікір қалдыру