Бүгін бірнеше сағатқа күн тұтылады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Бүгін бірнеше сағатқа күн тұтылады

14.12.2020, 10:20

626 0

Kyzylorda-news.kz. Күннің тұтылуы дүйсенбі, 14 желтоқсанда болады. Оны бірнеше елдің тұрғындары сол сәтте-ақ көре алады.

Күннің тұтылуы UTC уақыт белдеуі бойынша 16:13-те немесе Мәскеу уақытымен 17:25-те басталып, тұтылудың максималды фазасы шамамен Мәскеу уақытымен 19:00-де күтіледі. Бүгінгі күн тұтылуының ұзақтығы 2 минут 10 секундты құрайды.

Астрономиялық бұл құбылыс Тынық мұхитының оңтүстік-шығысында жақсы байқалады. Соның ішінде Атлант мұхитының оңтүстігі мен Аргентина және Чили тұрғындары айқын көре алады.

Сондай-ақ, тұтылудың ішінара фазалары Оңтүстік Америкада, Полинезияда, Антарктида мен Африкада да көрінеді. ТМД аумағында күннің тұтылуы әлсіз байқалады.

Тәуліктің түнгі мезгіліне сай келгендіктен, күннің тұтылуын қазақстандықтар бақылай алмайды.

Айта кетейік, мұның алдындағы күннің тұтылуы 22 маусымда тіркелді және ол Қазақстан аумағында анық көрінген.

SputnikҚазақстан

0

Пікір қалдыру