Ауылдық жерде тұрған соң өміріміз де, жұмысымыз да ауыл шаруашылығы саласына тікелей байланысты. Қуантарлығы, алқап басына барсаң, бұрын тозығы жеткен техникаларға көз түсетін, ал бүгінде жүйткіп жүрген жаңа тракторларға тамсанасың. Механизаторлардың айтуынша, қазіргі трактор мен комбайндар заманауи құрылғылармен жабдықталған, жалпы тиімді жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. Бір сөзбен айтқанда, шаруашылықтар техникалық базасын нығайтуға әлі де басымдық беріп отыр. 

207 млн теңгеге 2 көлік алынған

Биылдың өзінде Жалағаш ауданында жал­пы құны 207 млн теңгеге 2 ауыл шаруашылығы техникасы алынған. Ал көктемгі егісті егу жұ­мыстарына 955 ауыл ша­руа­шылығы техникасы қатысуда. Оның ішінде 520 трактор, 115 соқа, 52 тұқым сепкіш, 100 автомашина, 168 трактор тіркемесі бар. Шаруа­шы­лықтар тара­пы­нан көктемгі егін егу жұ­мыстарына «ГосАгро» пор­талы арқылы 1 685 тонна жеңіл­де­тілген дизель жанармайына өтінім бе­рілген. Қазіргі таңда 12 шаруашылық 245 тонна жанармай алып, егін орналастыру жұмыстарына кірісіп кетті. Жанармайдың 1 литрі 248 теңгеден жеткізілуде.

Техника паркінің 75 пайызы тозығы жеткен

Алайда егін науқаны басталарда Премьер-министр елімізде ауыл ша­руашылығы техникасының тозуы өткір мәселеге айналғанын мойындады. Олжас Бектеновтың айтуынша, қа­зіргі таңда жалпы техника паркінің 75 пайыздан астамының тозығы жет­кен. Сондықтан диқандарға жаңа тех­ника сатып алу жолын жеңілдетіп, жем­қорлық тәуекелдерін азайту қа­жет. Аталған мәселені шешу үшін фер­мердің өзі төлеп келген алғашқы 15 пайыз жарнаның орнына тікелей ли­зинг­тік компанияға инвестициялық суб­­­сидия салынуы тиіс. Сондай-ақ атал­ған шаруалар субсидияны уақы­тында ала алмай отырғаны да кедергі кел­тіріп отқандай. Мәселен, былтырғы субсидиялар бойынша қарыз 160 млрд теңгеден асқан. 

Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың агроөнер­кәсіп кешенінің әлеуетін күшейту ту­ралы тапсырмасына сәйкес ма­ши­на-трактор паркін жедел жаңарту және жергілікті ауыл шаруашылығы ма­ши­­наларын жасау кәсіпорындарын да­мыту тетігі әзірленді. Нақтырақ айт­сақ, Өнеркәсіп және құрылыс ми­нис­трлігі Ауыл шаруашылығы ми­нис­трлігімен бірлесіп, елімізге ана­лог­­тары шығарылатын шетелдік ауыл ша­руашылығы техникаларына субси­дия беруден бас тартуды көздейтін құ­жат қабылдады.

Мәселен, қазіргі уақытта елі­міз­де түрлі қуаттылықтағы және моди­фи­кациядағы трактор, астық жинау және жем-шөп жинау комбайндарының 15-тен астам брендін шығаратын 8 зауыт жұмыс істейді. Өткен жылдың қо­ры­тындысы бойынша отандық өнді­рушілер 113,5 млрд теңгеге 5 418 трак­тор, 99,1 млрд теңгеге 1 032 комбайн шығарған.

Шетелдік өндірушілерді субсидиялау үлесі

6 есеге төмендейді

Айта кететін жайт, бұған дейін им­порттық және отандық техни­ка­ға берілетін субсидиялар көлемін­дегі айырмашылық шетелдік өндіруші­лер­дің пайдасында болған. Мәселен, 70,2 млрд теңге өтемақының 28,3 млрд теңгесі жергілікті кәсіпорындарды қол­дау­ға, 41,9 млрд теңгесі импортқа бағыттал­ған. Аталған тәсіл қазақстандық зауыт­тардың өнімдерін сату көлемін азайт­қаны жасырын емес. Жаңа тетік бо­­йынша шетелдік өндірушілерді суб­сидиялау үлесі шашамен 6 есеге, яғ­ни 6,5 млрд теңгеге дейін төмендетіледі, бұл ретте отандық өнді­ру­ші­лер­дің үлесін 63,7 млрд теңгеге, яғни 90,7 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Осылайша 2021 жылы «СТ ЭСЭМБЛИ» кәсіпорнында TUCANO 450 және TUCANO 580 комбайндарын құрастыру басталған кезде Claas-пен арнайы инвестициялық келісім-шартқа қол қойылған екен. 2 жылдан кейін жергілікті өндірушілердің компо­нент­­­терін «Агромаш Холдинг» АҚ, «Қазақ­стан Агро Инновациялық Кор­по­ра­циясы» ЖШС, «ШығысМаш За­вод» АҚ, «Reimann» ЖШС жеткізе бас­­таған. Кәсіпорында былтыр 246 өздігінен жүретін техника және 158 тіркеме құрастырылған. Зауыт іске қосылған сәтте өн­діріс­пен қамтамасыз етілген жұ­мыс орын­дарының саны 2 есеге арт­қан. Қазіргі таңда кәсіпорында 73 қыз­мет­кер жұмыс істейді.

Алайда шетелдік ауыл ша­руа­шылығы техникасын субсидиялауды алып тастаудың елімізде өндірісі жол­­ға қойылмаған позицияларға, атап айт­қанда, қант қызылшасын, мақ­та өндіруге, картоп, жеміс-көкөніс жи­­науға мамандандырылған техникаға қа­тысы жоқ. Бұл жағ­дайда еліне қа­рамастан 25 пайыз көлемінде субси­диялау нормативі қарасты­рыл­ған.

Жалпы қазақстандық ауыл ша­руа­шылығы машинасын жасау кәсіп­орындары қазіргі таңда өздігінен жү­ретін техника нарықтың шамамен 80 пайызын қамтиды. Бұл ретте елімізде шаруалардың шамамен 90 пайызын шағын және орта фермерлер құрайды, олар үшін жеңілдікті лизингтік құ­ралдар мен қолжетімді техника ма­шина-трактор паркін жаңартуға мүм­кіндік береді.

Айта кетейік, биыл көктемгі егіс науқанына 149,9 мың трактор, 5 мың­ға жуық жоғары өнімді егіс ке­шені, 76,4 мың тұқым сепкіш, 219,1 мың то­пырақ өңдеу құралы жұмыл­дырыл­ған. Бүгінде техниканың науқанға дайындығы шамамен 85 пайыз болып тұр.

 

Жандос ЖАЗКЕН

Тағы да оқыңыз: