Kyzylorda -news.kz. Мемлекет басшысы әкімдерге бірқатар міндеттер жүктеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы жарлыққа қол қойып, онда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдеріне жыл сайын 15 қаңтарға дейін бірқатар іс-шараларды атқару тапсырылды. Барлық деңгейдегі әкімдер:

1) халықтың талап етуі бойынша және қажет болған кезде күнтізбеден тыс халықпен кездесу өткізсін;

2) техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, халықтың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда міндетті түрде пікір білдіру мүмкіндігімен онлайн-трансляциялар, сондай-ақ қажет болған жағдайда бейнеконференцбайланыс ұйымдастыру арқылы кездесулер өткізуді қамтамасыз етсін;

3) кездесу үшін жоспарланған уақыттың төрттен бірден аспайтын бөлігін баяндаманы таныстырумен, уақыттың қалған бөлігін «сұрақ-жауап» форматында өткізсін.

Тағы да оқыңыз: