Kyzylorda-news.kz. 18 мамырдан бастап Қазақстанда бірқатар карантин шаралары жеңілдейді.
ҚР Үкіметінің шешімімен 2020 жылғы 18 мамырдан бастап мына нысандарға санитарлық талаптарға сай жұмыс істеуге рұқсат беріледі:
– қонақ үйлерге
– сыйымдылығы 30 адамдық орынға дейінгі қоғамдық тамақтану объектілеріне
– таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жазғы алаңдарына.
Еске сала кетейік, кеше ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен коронавирусқа қарсы ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Онда экономика салаларын қалпына келтіруге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған бірқатар нақты шешімдер қабылданды.
Атап айтқанда, 18 мамырдан бастап мешіттер жұмысы қайта басталып, 1 маусымнан бастап қалааралық пойыздар қатынасы жанданатын болды.