Kyzylorda-news.kz. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Qazaqstan арнасының «Жедел желі» бағдарламасына берген сұхбатында зейнет жасына жақындап қалған педагогтерге жеңілдік болатынын айтты.
«30 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдерге тиісті жеңілдіктер қарастыру мәселесін талқылап жатырмыз. Сондай-ақ зейнет жасына жақындап қалған әріптестеріміздің жағдайын да түсінуіміз керек. Осындай әріптестерімізге де тиісті жеңілдік, мүмкіндік бері мәселесін де талқылап жатырмыз», – деді министр.
Аймағамбетов бұл мәселе бойынша жақын арада толық ақпарат берілетінін айтты.