Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда демалыс күндері – 20-21 маусым аралығында шектеу шаралары күшейтіледі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалалары бойынша:

– сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, базарлардың қызметі тоқтатылады

-қоғамдық тамақтану объектілерінің көше форматындағы ашық ауада жұмыс істеуіне әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып рұқсат етіледі

– қоғамдық көлік жұмысы шектеледі

– қоғамдық орындардың, саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, жағажайлардың, аквапарктердің жұмыс істеуі тоқтатылады

– фитнес-орталықтардың қызметі тоқтатылады

– 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.

2. Саны 50 мың адамнан асатын елді мекендерде:

– қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, аквапарктердің жұмыс істеуі тоқтатылады;

-65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.

3. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіру жабылады, ал аталған аймақтардағы адамдарға – әлеуметтік қашықтықты сақтау.

Тағы да оқыңыз: