Kyzylorda-news.kz. Коронавирус жұқтырған балаларда негізінен дене қызуы, диарея және құсу белгілері болады. Бұл туралы Батыс Қытайдың төрт ауруханасында жүргізілген зерттеуге сілтеме жасап PLoS Medicine басылымы жазады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Коронавирус жұқтырған балаларда өкпенің асқынуы кейінірек пайда болады.
Зерттеуге алынған коронавирус жұқтырған балалардың 76 пайызында дене қызуы байқалса, ересектердің 44 пайызында ғана дене қызуы болған. Сондай-ақ балалардың 62 пайызында қатты жөтел, 12 пайызында диарея мен құсу болған.
Ал неміс ғалымдары ата-аналарына қарағанда балалардың коронавирусты жұқтыру ықтималдығы аз екенін анықтаған.