Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Ресейде өнеркәсіптік өндіріс іске қосылған кезде коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқы елдердің бірі болып сатып алғысы келеді.
Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустинмен кездесуінде айтқан сөзін РИА Новости жеткізді, деп хабарлайды SputnikҚазақстан.
Мамин Ресейге COVID-19 індетімен күресуде көрсеткен көмегі үшін, атап айтқанда, дәрі-дәрмектер мен қорғаныс құралдарын және ондаған дәрігер жібергені үшін алғыс айтты.
“Ең бастысы, біз Қазақстанның әртүрлі өңіріне барып, жұмыс істеп жатқан ресейлік дәрігерлердің көмегін алдық. Еліміз Ресейде әзірленген коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізу жұмыстарын бақылап отыр. Осыған байланысты, Михаил Владимирович, вакцинаның өнеркәсіптік өндірісі басталған кезде, Қазақстан алғашқы елдердің қатарында вакцина партиясын сатып алу мүмкіндігіне ие болады деп үміттенеміз. Бұл өте маңызды”, – деді Асқар Мамин.
Айта кетейік, 17 шілдеде Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтті, оған Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Мамин қатысты.