Kyzylorda-news.kz. «Болашақ» университетінің мәселесі түбегейлі шешіліпті. Бақберген Досманбетов Мемлекет басшысымен кездесті, оқу орнының лицензия бір айдың ішінде қайтарылады» деген ақпарат әлеуметтік желілерде тарауда. Алайда бұл ақпараттар жалған болып шықты. Бұл туралы Болашақ университетінің құрылтайшы Бақберген Досманбетов мәлімдеді.
Құрылтайшының Президентпен кездескенін нақтылау үшін Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі хабарласқан болатын. Бақберген Сәрсенұлының айтуынша, бұл мәселе бойынша іс қайтадан соттың қаралуына берілген.
«Президентпен кездескен жоқпын. Ол жалған ақпарат. Ол кісі Біріккен Араб Әмірліктерінде жүр ғой», - деді Бақберген Досманбетов.