Kyzylorda-news.kz. Жыл басынан тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған 615 тұлғаға әкімшілік жауапкершілік қарастырылса, 2472 азаматтарға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылып жұбайымен қарым-қатынасқа шектеулер қойылды.

Жалпы әйелдерге қарсы жасалған қылмыстардың басым бөлігі отбасы тұрмыстық жағдайда орын алған, өткен жылмен салыстырғанда 27 пайызға төмендеген.

Бұл қылмыстардың алдын алу мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз қоғам», «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» «Тұрмыс» жедел профилактикалық шаралары өткізіліп, шараға полиция қызметкерлерімен бірлесіп үкіметтік емес ұйымдар, волонтерлар және қоғамдық қор мүшелері жұмылдырылды.Балаларын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін тиісті деңгейде орындамаған 74 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

“Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар қауымының қатысумен онлайн түрде, яғни «ZOOM» байланысы арқылы дәрістер өткізілуде. Дәрістерге жалпы 900-ден астам тыңдаушылар қатысты”, – деді Қызылорда ОПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бауыржан Ибраев.

Кәмелетке толмағандар мен жастарға қарсы және олармен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Жасөспірім», «Балалар түнгі қалада», «Ата-ана – Жасөспірім – Көше», «Тұрмыс», «Квадрат», «Учаске» профилактикалық іс-шаралары өткізілді.

Тағы да оқыңыз: