Kyzylorda-news.kz. Қызылордада Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты жылжымалы көрмесі ашылды. Жылжымалы көрме қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрмеге ақын тұтынған заттар, оның өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын құнды жәдігерлер қойылды. Көрмеге келушілер ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты тарихи құжаттар мен архивтік деректер, құнды қолжазбалар, тұрмыста қолданған заттары, кітаптары мен фотосуреттері бар.

Көрме екі бөлімнен тұрады. Онда қазақ даласындағы медреселер тарихына қатысты жәдігерлер де жинақталған. Көпшілік Абай оқыған Семейдегі Ахмет Риза медресесі жайлы, ондағы кітаптармен де таныса алады. Этнографиялық бұйымдар да келушілер қызығушылығын туғызып отыр.

«Көрмеге келушілер Абай жайында жазылған дүниелермен де таныса алады. Олардың қатарында Тайыр Жароков пен Мұхтар Әуезовтің еңбегі мен латын әліпбиіндегі Абай жайлы кітап бар. Семейлік суретші Нұрлан Өтебаевтың Абай портреті дк көпшілікті қызықтырады деп ойлаймын», – деді Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әд­би-мемориалдық қорық-музейінің ғылыми қызметкері Қуат Қиықбаев.

Ұлы тұлғаның өнегелі өмірінен мағлұмат беретін көрме 1 наурызға дейін жалғасады.

Тағы да оқыңыз: