Фото: скрин
Kyzylorda-news.kz. Жаңа Зеландия мемелекеті тегін оқуға құжаттар қабылдауды бастады. Веллингтондағы Виктория университеті әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттерді 2024-25 жылдарға арналған стипендияға өтініш беруге шақырады. Бағдарлама магистратура мен PhD дәрежесіне қолдау көрсетеді. Бұл жоғары оқу орны QS World University Rankings 2023 рейтингінде 215-ші орынға ие болған. Университет магистрлер үшін 5 000 NZD және докторанттар үшін жылына 27 500 USD доллар көлемінде шәкіртақы, сондай-ақ оқу ақысын төлейді.
Бұл Жаңа Зеландиядадағы ең үздік стипендиялық бағдарлама. Табиғаты ерекше елде тегін оқудың тамаша мүмкіндігі.
Университет туралы қызықты фактілер: студент жұмыс істейтін болса, оқу кезінде толық емес жұмыс күнімен жұмыс істеуге құқығы бар. Мұндағы оқу жылы классикалық түрде екі академиялық семестрге емес, үш семестрге (ақпанның соңы, шілденің ортасы және қарашаның ортасы) бөлінеді. Оқу орны Англия патшайымы Виктория дүниеге келген күні құрылған.
Дедлайн: 2024 жылдың 1 маусымы
Толығырақ және өтінішті осы сілтеме арқылы біле аласыз.
https://www.wgtn.ac.nz/scholarships/current/tongarewa-scholarship