Kyzylorda-news.kz. Соңғы кезде Түркиядан пәтер сатып алып жатқан қазақстандықтардың саны арта түсті. Солардың бірі бес бірдей пәтері бар шымкенттік тұрғын Ғазиза Байтемірова. Кәсіпкердің айтуынша, табысқа жету үшін жоғары оқу орнын үздік бітірудің қажеті жоқ.

Ғазиза Байтемірова елордада агротехникалық университетті қызыл дипломмен тәмәмдап, сонда ұстаздық қызмет еткен.

Алайда уақыт өте келе жеке бизнеске ауысқан. Себебі, пәтер жалдап тұратын жұбайлардың табысы күнделікті тіршіліктен артылмаған.

Ғазиза балаларын асырау үшін, бір жылдары тіпті түнде такси жүргізушісі болғанын да жасырмайды.

“Табысқа жету үшін, әр саланы бір көру маңызды емес. Менімен бірге жұмыс істейтін қыздар қиындықтар туып жатса, “посудомойщица” болып кетеді, тағы біреулер қосымша жұмыс іздеп кетеді. Мен олай істеген жоқпын, мен тек бір ғана нәрсемен айналыстым. Тек бастапқы жылдары такси жүргізушісі болып ақша тапқаным бар. Оны да тек түнде істедім, себебі күндіз жұмыс істеуге мүмкіндік болмады. Ана баласын аш қалдырмау үшін, бәрін жасайды екен. Қазір біреуге қарап, қол жайып отыратын адамдарды түсінбеймін, олардың өмірінде бәрі бар, тек соның жақсы жақтарын көре білу керек”, – дейді ол.

Бүгінде еңбекқор келіншектің бес пәтері бар. Олардың бірін Түркиядан алған.

“Иә жолдасым бір ай, жыл емес, бір-ақ күнде жанымда болмай қалды. Сол кезде менің алдымда екі жол тұрды. Біріншісі күйзеліске түсіп, жатып қалу. Екіншісі бүкіл күшімді жинап, бұл жерден шешім тауып өтуім керек екенін түсіндім. Мен бір-ақ күнде жолдасыма еркелеп жүрген Ғазизадан қанша өмір көрген адамға айналдым. Үйде біздің қажеттіліктерімізде әкелетін адамның, тіпті нан әкелетін адамның жоқ екенін түсіндім. Осы қиындықтар үшін де Аллаға алғыс, себебі мені осы қиындықтар оятты. Осы қиындықтар өмірде өзімді табуға мүмкіндік берді”, – дейді Ғазиза.

Сонымен қатар кәсіпкер сұхабт барсында табысқа жетудің құпиясымен де бөлісті. Айтуынша, табысты болудың құпиясы сіздің ЖОО-ны үздік бітіргеніңізде емес аянбай еңбек етуде.

“Қызылға оқысаңыз да, жай диплом алсаңыз да істейтін жұмысыңыз да, алатын жалақысы бірдей болады. Тіпті “көкке” бітірген адамдар “қызылға” бітірген адамдардың үстінен басқарып отыруы мүмкін. Біз сол жылдары тек ата-анамыз “қызылға” бітір, далада қалмайсың деген соң, сол сенімді ақтауға тырыстық. Өмірде өзін дамытатын салалар көп болса екен деймін. Өйткені дамыған мемлекеттерде білесіздер бала өзі қызығатын пәндерге ғана қатысады, қызығатын салаларда ғана дамытады. Біз сияқты жалпылама оқытпайды. Мен де бала тәрбиелеп отырмын, бірақ олардың біліміне баса мән бермеймін, мен олардың тәрбиесі, ата-анамен қарым-қатынасына көп көңіл аударамын”, – дейді кәсіпкер.

Nur.kz

Тағы да оқыңыз: