Kyzylorda-news.kz. Олимпиадада ел намысын қорғайтын қазақстандық спортшылардың киім үлгісі әлемдегі ең үздік формалардың бірі болып танылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тізімге Қазақстанмен қатар АҚШ, Ресей, Либерия, Чехия, Қытай, Оңтүстік Африка және Жапония мемлекеттері кірді.

Айта кетейік, ұлттық құраманың киімін дизайнер Салтанат Баймұхамедова әзірледі. Бірақ отандық спортшылар да оның матасын таңдап, эскизін дайындауға атсалысты. Мамандар спорттық форманы әлемдік трендтерді ескере отырып тігіп шықты.

Тағы да оқыңыз: