Kyzylorda-news.kz. ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 10 студенті «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша Польша Республикасының Лодзь университетіне 2021-2022 оқу жылының бірінші академиялық кезеңіне оқуға барады.

Осы орайда, жолдама алған білім алушыларымызды құттықтап, оқуда сәттілік тілеп, еуропалық білім сапасының маңыздылығы мен қоса беріліп отырған жаһандық мүмкіндіктер туралы айттық.

Сонымен қатар бүгінгі таңда университетіміздің білім алушылары Словенияның University of Ljubljana, Бельгияның Howest University of Applied Sciences және Корея Республикасының Каннам университеттерінде академиялық ұтқырлық және қос диплом бағдарламалары арқылы білім алуда.

Тағы да оқыңыз: