Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық сарапшы Айдар Махметов Тұрсынбай Құлахметтің венесуэлалық Эбер Рондонмен өткізген жекпе-жегі үшін қанша гонорар алғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Боксшы Тұрсынбай Құлахмет кәсіби шаршы алаңдағы үшінші жекпе-жегі үшін 210 000 доллар алды. 70 секундқа жақсы табыс!», – деп жазды Махметов өзінің MakhmetovSport телеграм-каналында.

Еске сала кетейік, Тұрсынбай Құлахмет өзінің қарсыласы Эбер Рондонды бар болғаны 70 секундта нокаутқа жіберген. Бұл жеңіс 27 жасар боксшының WBC International бойынша бірінші орта салмақта чемпион белдігін қорғап қалды.

Тағы да оқыңыз: