Kyzylorda-news.kz. Қазақстан мен Түркия арасында әуе жолдарының географиясы кеңейтіліп, тұрақты рейстердің саны артуы мүмкін. Бүгін премьер-министр Әлихан Смайылов пен Түркия вице-президенті Фуат Октайдың төрағалығымен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түркия үкіметаралық комиссиясының XII-ші отырысы өтті.

Бауырлас екі елдің өкілдері көлік транзиті, өнеркәсіп, туризм, геология, денсаулық сақтау және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы байланысты талқылады. Вице-президент Фуат Октай Түркия Қазақстанмен барлық бағыт бойынша екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға дайын екенін жеткізді. Жалпы бүгінде түрік бизнесі Қазақстанда жалпы құны бес жарым миллиард долларды құрайтын инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатыр.

Хабар 24

Тағы да оқыңыз: