Kyzylorda-news.kz Қазіргі таңда қант диабетімен ауыратындар саны күн санап артып келеді. Жалпы бұл дерттің ІІІ типі болса, І типтегі қант диабетін емдеу мүмкін еместігі айтылады. Алайда ғылымныфң дамыған заманында шетел ғалымдары І типті қант диабетін емдеудің ама-тәсілдерін қарастыруда. Алайда генді редакциялау арқылы мүмкін еместі мүмкін етуге болады екен. Тіпті тұқым қуалайтын, емі жоқ ауруды да жеңуге болатын көрінеді.

Қазақ ғалымдарының ізденісі көңіл қуантарлықтай, ал оның нәтижесі, жүзеге асуы – уақыт еншісінде. Бүгін біз елді елең еткізіп, І типті қант диабетін емдеуге болатын жасауша ойлап тапқан ғалым Бахытжан Әлжанұлымен сұхбаттасқан едік.

– Бахытжан Әлжанұлы, ғылымдағы жаңалығыңыз елді елең еткізді. Анығын айтқанда, «І типті қант диабетін емдеуге болатын жасушалар ойлап тапты» деген жаңалықты естідікБұл туралы өзіңіз айтып берсеңіз...

– ЖақсыБұл жерде «емдеуге болатын» деген тіркесіңізге көбірек тоқталғым келедіСебебі мен жасап шыққан жасушалар шыныменде қант диабетіменоның ішінде І типімен ауыратын науқастардың ағзасында пайда бо­латын инсулин тапшылығы деген құбылыстың орнын толтыра алатын қабілетке иеМен бұған ғылыми тұрғыда көз жеткіздімбұдан кейін деатақарылатын жұмыстар әлі аз емесАғзада инсулин гормонының тапшылығы орын алсаяғни гормон мүлде жоқ болсаадам баласы өмір сүре алмайдыАурудың өзектілігі осындаОны шешудің бірден-бір жолыол ағзаға сырттан өзінен инсулин бөліпжаңағы айтқан тапшылықты толтыра алатын жасушаларды енгізуАл ондай жасушаларды жасаудың қазіргі  уақытта көптеген жолы мен тәсілі қарастырылып жатыр.  Ғалымдар өте үлкен ізденіс үстіндеОсы жерде мен де өз тарапымнан осындай қажетті жасушалар алудың бір жолын жасаған секілдімінМен сүйенген тәсіл гендік редакциялау деп аталадыҚысқашаадам ұры­ғынан алынатын бағаналы жасушаның инсулинге жауап беретін генін тауыпоған біздің пікірімізше қажетті деп саналатын өзгерісті енгізіполардан инсулинді өзінен бөле алатын тың жасушалар алдымӘзірге нәтижелерім жаман емесоны енді дамытудың жолдарын қарастырып жатырмын.  Қант диабеті де бүгінгі күнге дейін емі жоқ аурудың біріТағы бір атап айтарлығықант диабетінің жасарып бара жатқаны жасырын емесБұл жаңалығыңыз инсулинге тәуелді адамдарға сәл де болса үміт сыйладыСіздіңшеқуануға әлі ерте меБұл жаңалық қай кезде жүзеге асыпсырқат адамдардың айығуына ықпал етуі мүмкін?

– Жауабым оқырманға түсініктірек болуы үшін айқындап өтейінБіздің әңгіме негі­зінен қант диабетінің І типі жайлы болсынСебебі аурудың II типідебарол І типке қарағанда неғұрлым көбірек әрі басым түрде ересектер арасында таралғанбірақ ол жерде бір шама бөлек жағдай

РасІ типті қант диабетінің ғылыми тұрғыда емі әлі табылған жоқСіз айтып отырған «жасарып бара жатыр» деген сөзге мен қосыламынқазіргі таңда осыдан 10-15 жыл бұрынғы уақытпен  салыстырғанда балалар арасында І типті қант диабеті көбеюдеМұны медицина саласының эндокринолог мамандары дарастайды

Менің жұмысым адамдарға үміт сыйла­ғанына қуаныштымынЖаңалық қо­ғам­дағы аса маңызды мәселеге қатысты болған соң өте тез таралып кеттіАрасында ақпаратты аздап қате қабылдапкішкене бұрмалап жіберген БАҚ өкілдері де болдынәтижесінде біраз адамдар дұрыс түсінбей қалдыЖалпы осы аурумен күресіп келе жатқан отбасылардыата-аналардың жағдайларын жақсы түсінемінДегенмен осыған дейін айтып келе жатқанымдайқатты қуануға асықпауға шақырар едімСебебі нәтижелерімді көптеген тексеріс пен зерттеуден өткізуім қажетБіз адам ағзасында болатын ауру туралы айтып жатқандықтанағзаны емдеуге пайдаланылатын емнің дайындалуы оңай болмайдыМедицина ғылымында дәрілерді жасаудыңзерттеп және қажетті нәтижеге қол жеткізудің ғылымға сүйенген өз тәртібі мен талаптары барОл талаптар тиісінше орындалмайыншақандай мемлекет болсын «жаңалық керемет екен» деп қолданысқа енгізе алмайдыӘринебасымдық берілетіншұғыл қаралатын жағдайлар бо­ладыБірақ талаптың аты – талапДегенмен науқастарда үміт ешқашан үзілмеуі керекаурудың толық емі жақын арада шығатынына сенімім нықӨйткені қазір америкалық және канадалық ғалымдар соңғы жылдары өте үлкен жетістіктерге жет­тіМысалыбыл­тыр қант диа­беті­нің дамуын бір­­­неше жылға ке­шеуілдете алатын дәрі шықтытолық тексерістен өтіпқазір қолданысқа ендіСондықтан сенімді жоғалт­пауға шақырамын.   

Өзімнің жұмы­сыма тоқталатын болсамқа­зіргі уа­қыт­та жұмыс бірін­ші себеп қаржы­ның жоқтығы­нан бірша­ма тоқ­тап тұрБір­неше ғылыми жоба­лар дайындапмем­­лекет тарапынан қаржы­ланды­рылатын ғылыми кон­­курс­тарға бердімкейбі­рінің жауабы әлі бел­гілі болмадыАйта кеткім ке­летініқаржыландыру жұ­мысты жеделдететіні анықдегенмен ғылым кейде жел­кенсіз қайық секілдіқай жаға­ға апарып тастарын және қай кезде күтпеген жағдай пайда боларын білмейсіңӘлі де жұмысымды жетілдіріптың идеялар қосыпғылыми жобалар мен бағдарламалар дайындаймын деген жоспарым барАл жалпылай айтқандаісім ойдағыдай жүзеге ассақолданысқа нақты қашан енетінін дөп басып айта алмаймын.       

– Соңғы кезде қант диабеті ауруы неге көбейді?

– Бұл өте қызық сұрақЖауабын дәл айту қиынбірақ тырысып көрейінОңайырағынан бастайынжоғарыда атап өткен II типті диабет көп жағдайда адамның өз тұрмыс салтынан пайда боладыӘсіресе тамақтану әдеті мен қимыл қозғалыстың жеткілікті болу-болмауынанСеміздікке ұшыраған адамдар қант диабетінің осы түріне шалдығуға үлкен қатерде боладыАл бұл көрсеткіш қоғам дамыған сайын нашарлап бара жатқанын мойындауымыз керекСонымен қатар ұйқыныңстресстіңжалпы салауатты өмір салтын қаншалықты берік ұстану-ұстанбау шешуші рөл атқарады.   

Алтипті диабеттің себебі көп және ол толық түсінікті емес теЖалпы диабетпен ауыратын науқастардың шамамен 10%-ға жуығы осы түрмен ауырадыАуру аяқасты­нан белгі бередіоның негізгі себебі ағзада аса маңызды инсулин гормонының тапшылығы бірден пайда болуындаАл инсулиннің тапшылығына не әкеліп соғатыны толық белгісізаурудың ең қиын әрі түсініксіз тұсы осы жерде дер едімЯғни тапшылыққа қандай жағдайлар алғышарт болатыны толық анық емесҚазіргі таңда түсінікті болғанықалыптасқан гормонның тапшылығына бірнеше сыртқы себептер триггер ретінде әсер етіпоны«жарыққа шығарады». Нәтижесінде аурудың белгісі аяқастынан көрінедіОның ішінде вирустық инфекцияларды соңғы кездері мамандар көп айтудаӨкінішке қарайонда неге кейбір жекелеген балаларда да ғана ағзаға түскен вирус инсулин тапшылығына алып келетіні толық ашылмай жатыр.     

– Медицина саласында жаңа техно­логияларды пайдалану, ғылым дамуы туралы жарыса жазып, айтып жатамыз. Дегенмен соңғы жылдары жаңа технология халықтың денсаулығын жақсартуға қаншалықты үлес қосты. Бір мысал келтіріңізші?

– Сұрағыңыз орынды. Расымен жаңа дүниелер, жаңалықтар жайлы көп айтамыз. Жалпы, ғылымда ашылған жаңалық тәжірибеге бірден еніп кете қоймайды. Жаңалықтың ашылғанынан бастап, барлық қажетті зерттеу­лер мен тәжіри­белер сәтті өтіп, өзін ақтап, ол қолданысқа енуі үшін бірнеше жылдан бірнеше онжылдықтар­ға дейін қажет болуы мүмкін. Ашылған кезінде аты дардай бол­ған жаңалықтар болашақта зерттеулердің бір кезеңінде «сүрініп», ары қарай зерттелмей тоқтап жататын кездер ғылымда көп кездеседі. Сондықтан сабырмен және үмітпен күткен абзал деп айтар едім.

Енді өзіңіз айтқан «халықтың денсаулығын жақсартуға үлес қосқан» белгілі бір мысалға келетін болсақ, өзіме жақсы таныс қант диабеті тақырыбын алайын. Қазіргі таңда науқастарға инсулин препараттарының көптеген түрі қолжетімді, әрине, мемлекет қаржысы есебінен немесе жекелей сатып алады. Осы препараттардың ішінде әсері басқа препараттарға қарағанда ұзағырақ уақытқа дейін жететіні бар. Оның артықшылығы – әдеттегідей күніне бірнеше рет екпе жасаудың орнына күніне тек бір рет немесе аптасына бірнеше рет қана инсулин екпесін алып, солай ағзаға, әсіресе, екпе салынған орынға біршама демалыс беруге болады. Себебі әрбір екпе салғанның өзі жұмыс, уақыт, жайсыз және уақыт бойынша тиянақтылықты қажет ететін дүние. Осындай әсері ұзақ уақытқа жететін инсулин препараттары бірнеше жылға созылған ғылыми зерттеулердің, ұзақ уақыттық клиникалық тексерулердің нәтижесінде қолжетімді болған жаңалық дер едім. 

Мысалдар өте көп. Түсініктірек болу үшін айта кетейін, жақында ғана бәрімізге жақсы таныс болып қалған ковид-19 індетіне қарсы жасалған вакцина да заманауи жаңалыққа жатады. Аталған вакциналардың өзінің бірнеше түрі бар, ол жерде вакцина қандай платформада, қандай жолмен жасалды сол маңыздырақ болды. Айта берсем мысалдар шын мәнінде көп.

– Бүгінде ғылымда, оның ішінде медицина ғылымында «генді редакциялау» деген ұғым пайда болды. Мұны қарапайым тілмен түсіндіріп берсеңіз...

– Бұл дегеніміз мақсатты түрде және ғылым қажетіне сай адам геномының белгілі бір нүктесіне қолдан өзгеріс енгізу. Геном дегеніміз гендердің жиынтығы, ал адамның 1 клеткасында 3 миллиардтан аса «әріп» (нуклеотид) бар. Осы әріптер жиналып келіп 20 мыңнан аса генді құрайды, оның ішінде белгілі бір қызмет атқаратыны бар, атқармайтыны бар (ғылымда оны «ұйқыдағы гендер» деп атайды). Генді редакциялау –  зерттеушінің тәжірибе барысында өзіне қажетті генді және сол геннің қажетті әрпін біле отырып, сол нүктеге өзгеріс енгізуі (әріпті басқа бір әріпке ауыстыру немесе «қажетсіз әріпті» кесіп алып тастау). Оған қажетті құрал-сайманның бәрі қа­зір ғылымда бар.  Нәтижесінде, генетикаға байланысты тұқым қуа­лайтын аурулар­ды емдеудің жолы табы­лып жатыр, құр­сақтағы ұрық ке­зінде кейбір ауру­ларды емдеп, бола­шақта адам ол аурумен ауыр­майтындай жол іздестіріліп жа­тыр және тұқым қуаламайтын да аурулар мен көп­теген пато­ло­гия­лық жағдай­лардың шешімдері қарастырылуда.   

– Генді түзетудің пайдасы мен зияны?

– Сұрақтың бірінші жартысына жоғарыда жауап беріп кеттім, бірақ ол жерде генді редакциялаудың пайдасын медицина тұрғысынан айттым. Медицинадан бөлек, тағам өнеркәсібінде, фармацевтикада, ауыл шаруа­шы­лығында, селекция салаларында да қазір генді редакциялау, оның ішінде CRISPR әдісі өте терең зерттелуде. Себебі бұған дейін қиындық туғызып келген ғылыми мәселелер оңай шешілетін болса, ал кейбір көп қаражат пен ұзақ уақытты талап ететін жұмыстар мен өндірістік процестер арзан және тез іске асатын болды. Бұл өз кезегінде таптырмайтын шешім.

Зиянына келетін болсақ, генді редак­циялаудың ең әлсіз тұсы – әдістің көмегі­мен алынған нәтижелер мен өнімдер болашақта қандай жағдайға алып келетінін толық білмеуімізде және әзірге оны біле алмауымызда, себебі клетканың генетикасына қолдап өзгеріс енгізетін болғандықтан оның салдарын түсініп көзбен көру үшін біршама жылдар, ұзақ уақыт керек. Генетикада мутация, ауытқушылық деген түсініктер бар. Көпшілігі, көп жағдайда ғылымнан хабары аздар, осы аты қорқынышты сөздерді алға тартып, гендік редакциялауды айыптап жатады. Мен бұл әдіспен жұмыс істеп, нәтижесін өз көзіммен көрген маман ретінде ондай пікірге қарсымын. Әдістің өзім айтып өткен әлсіз тұсын түсінемін, бірақ оны ғылыми тұрғыдан түсіндіруге, шешуге болады деп санаймын. Оның шешімі генді редакциялауда ғылыми этика, заң және ғылыми қажеттілікті мақсатты түрде, орнымен бір арнаға тоғыстыра білуде деп ойлаймын. 

– Қазір емі жоқ ауру аз емес. Жалпы генді редакциялау арқылы мүмкін еместі мүмкін етуге бола ма?

– Болады. Осы уақытқа дейін мүмкін болмай келгенді мүмкін ете алатындығына байланысты бұл әдіс туралы бүкіл әлем жарыса жазып жатыр. Шындығына келгенде «жарыса жазып» қойған, тек біздің Қазақстан секілді ғылым кенжелеп қалып қойған елдерде қазір бұл туралы көптеп айтылып жатыр. Олай дейтін себебім генді редакциялаудың CRISPR («криспр») әдісі 2012 жылы жаңалық болып ашылды, содан бері көптеген қыры мен мүмкіндігі белгілі болып қойды. Біздің елге кеше ашылған жаңалық іспетті болып жетіп жатыр, бұған да шүкір дейміз, әрине. Жалпы генді редакциялау оған дейін де белгілі болды және ғылымда қолданылып келді, тек CRISPR әдісінің ашылуы бұл гендік технологияның атын бірден шарықтатып жіберді. 

– Елімізде генетика ғылымы бейнелеп айтқанда «ашылмаған арал» сияқты. Ай­мақтарда генетиктер жоқтың қасы. Жалпы елдегі генетика ғылымы қаншалықты дамып келе жатыр?

– Елімізде генетика ғылымы бір кездері, оның ішінде Кеңес дәуірінде, біршама дамыған деңгейде болды. Менің ойымша, ол кезде жалпы кеңестік ғылым мен батыстық ғылым арасында даму деңгейі, ашылған жаңалықтар бойынша айырмашылық көп болмады. Бұл генетикаға да қатысты деп айтар едім. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, жалпы ғылымымыз генетикамен бірге біраз тұралап қалды. Бірақ ғылыми әлеуетіміз толық жойылмай, сақталып қалғаны қуантады. Соңғы жылдары генетика саласы басқа ғылымдар секілді ақырындап алға басып келе жатқандай. Аймақтарда генетик әріптестерім жоқтың қасы дейтіндей де бар, себебі облыстарда мамандандырылған ғылыми зертханалар, ғылыми «мектептер» бұрыннан қалыптаспады немесе қалыптасып үлгермеді. Бірақ генетиктер мүлде жоқ емес, бірен-саран болсын аймақтарымызда бар екенін білемін. Ал одан да көп болып жатса, қуанамын, мүмкін біз тек естімей, көрмей жүрген шығармыз. 

– Сұхбатыңызға рахмет.

 

 Сұхбаттасқан Г.Мағлұм

Тағы да оқыңыз: